Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстанның UNESCO және ISESCO істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен UNESCO және ISESCO (Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы) істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа комиссияның тұрақты мүшелері – мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша комиссия, оның тақырыптық комитеттері мен UNESCO клубтары және UNESCO-ның қауымдасқан мектептерінің жұмыстарының нақты нәтижесі баяндалды. Атап айтқанда, Қазақстанның тағы екі ұлттық паркі – Шарын және Жоңғар Алатауы UNESCO-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілді. Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізімі Қазақстанның «Қорқыт мұрасы» және «Қазақ жылқы өсірушілерінің дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары – Қымызмұрындық, бие байлау және айғыр қосу» номинацияларымен толықтырды.

UNESCO-ның қолдауымен Париж қаласында «Ұлы дала: рухани мұра және оның әлемдік тарихқа үлесі» халықаралық форум сәтті өткізілді.




Қазақстан UNESCO-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесіне тағайындалды, ал Қазақстандық салалық ұлттық комитетінің басшысы Р. Ященко биосфералық резерваттар жөніндегі Кеңесшілердің халықаралық комитетінің құрамына тағайындалды.




ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары – Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Ашықбаев UNESCO-ның Әлеуметтік-мәдени саладағы міндеттерді шешуде Қазақстанның маңызды серіктесі болып қала беретінін, сондай-ақ мәдениет, ғылым, білім, ақпараттық технологиялар салаларындағы ұлттық жетістіктерді насихаттау үшін бірегей платформа болып табылатынын атап өтті.




Отырыс барысында қатысушылар комиссияның 2020 жылға арналған қызметінің басым бағыттарын талқылады, оның ішінде UNESCO-ның дүниежүзілік мұра және материалдық емес мұра тізіміне жаңа ұлттық номинацияларды дайындау және ілгерлету мәселелерін қарастырды.

Комиссия мүшелері биыл UNESCO-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкенттің 2200 жылдығын атап өтуді мәселесін талқылауға ерекше назар аударды.


Жоғары қарай