Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстанның Ұлттық музейінде 3D-кинозал ашылады

2019 жылдың 29 тамыз 2019 23:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық музейінде 3D-кинозал ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 тамыз күні біз жаңа 3D-кинозалды ашамыз. Одан музей қонақтары еліміздің қасиетті жерлерін тамашалай алады. Біздің базамызда Қазақстанның 200 қасиетті орны бар. Мысал ретінде айтар болсақ олар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ұлытау, Тамғалы тас және басқалар», деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан.

Ол сонымен қатар 3D-залға виртуалды экскурсия жүргізуші мен tоuch-панель орнатылатынын айтты. Ол жерден музей экспонаттарын цифрлық форматта көруге болады.

Осыған дейін Қазақстанда 30 тамыздан бастап «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акция басталатындығы хабарланды.


Жоғары қарай