Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстанның тұрақтылығы үшін сайланған Президент қажет - Бақытжан Әбдірайым

2019 жылдың 9 сәуір 2019 19:10 922

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның тұрақтылығы үшін сайланған Президент қажет. Мұндай пікірді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тарихи оқиға. Кеше ғана Елбасымыз өз өкілеттігін тоқтатып, Қасым-Жомарт Тоқаевты Парламент бірауыздан Президент лауазымына сайлады. Бірақ, Президенті сіз бен біз, халық сайлайды. Қазақстанның тұрақтылығы үшін сайланған Президент қажет. Сол себепті қазіргі Президентіміз Қ.Тоқаев мырзаның кезектен тыс сайлау өткізу ұсынысын  толығымен қолдаймыз», - деді федерация басшысы.

Оның айтуынша, алдағы кезектен тыс Президенттік сайлау үлгілі түрде өтіп, әділ болуы керек. Барлық үміткерге жан-жақты мүмкіншілік жасалуы тиіс.

«Осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы Қазақстанға лайықты, қазіргі заманға сай білімді, сауатты, алғыр Президент сайлап алуымыз керек. Сол арқылы бүкіл әлемге бірлігімізді, ынтымағымызды, саяси сана-сезіміміздің жоғары екендігін паш етіп көрсетуіміз керек», - деді Б.Әбдірайым.

Айта кетейік, бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдау туралы үндеу қабылданған еді.

 

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Сайлау 2019,
Жоғары қарай