Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қазақстанның сыртқы қарызы 5 пайызға азайды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 21:51 1391

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 158,8 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішкі жалпы өнімге қатынасы 93,1% болып, жыл басынан 9,5%-ға жақсарды. Бір жылда Қазақстанның сыртқы қарызы 5,04% немесе 8 430,6 млн долларға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сыртқы борыш құрылымында 63,6%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,0% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,8% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,6% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) құрап отыр. 2018 жылғы 4-тоқсанда экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен елдің сыртқы борышы 2,5 млрд АҚШ долларына қысқарды. Мемлекеттік сыртқы борыш жалпы сомасы 1,05 млрд еуроны құрайтын 5 және 10-жылдық тәуелсіз еурооблигациялардың екі траншын шығару есебінен 899,1 млн АҚШ долларына өсті» делінген хабарламада.

«Банктердің» сыртқы міндеттемелері тоқсан ішінде өзгермеді, себебі бейрезиденттердің қолындағы еурооблигациялар көлемінің азаюы олардың қазақстандық банктердегі депозиттерінің өсуімен өтелді.

«Басқа секторлардың» үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 млрд АҚШ долларына азайды, ол, негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 млн АҚШ долларына азаю), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың «Сбербанк России» ПАО алдындағы (371 млн  АҚШ доллары) және «Қазтеміртранс» АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен орын алды.

Айта кетейік, Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 млн АҚШ долларына азайып, 47,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болып, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.

  

 

 

Жоғары қарай