Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Қазақстанның сирек кездесетін аңдары фотоқақпанға түсіп қалды

2019 жылдың 15 тамыз 2019 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет елімізде сирек кездесетін аңдардың суреті мен видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Буаз ұрғашы қар барысы! Алматы облысында Қазақстанның аңшылар мен балықшылар қоғамының «Табиғат» аңшылық шаруашылығының аумағында фотоқақпанға ұрғашы қар барысы түсіп қалды. Буаз сияқты», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.


Оның атап өтуінше, видео 2019 жылдың жаз айында түсірілген. «Табиғат» аңшылық шаруашылығының аумағында 70-тен астам фотоқақпан бар. Фотоқақпандардың объективіне құлан мен қабан үйірі, бірнеше құзғын мен қорқау қасқыр түсіп қалған.


Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Экология,
Жоғары қарай