Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Қазақстанның сауда саясаты агрессивті болуы тиіс - Асқар Мамин

2019 жылдың 21 ақпан 2019 12:38 842

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сауда саясаты агрессивті бола түсуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі және сыртқы саясат сияқты сауда саясаты да біршама агрессивті әрі проактивті болуы қажет. Қазірдің өзінде бос емес нарықтармен бәсекеге түсеміз. Таяу жылдары көршілеріміздің қарқынды дамуы есебінен қалыптасатын еркін экспорттық кеңістіктегі өсім барынша шектеулі болады», - деді бірінші вице-премьер.

Оның айтуынша, бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. «Қазақстаның индустрияны дамыту институты» АҚ  базасында шоғырландырылған институт іске қосылды. Оның қызметінің негізгі бағыты микро және макро жағдайларда экспорттық саясатты жоспарлау және жүзеге асыру болады.  

«Бұл бағыттағы мұнан арғы жұмыс шетелде Қазақстанның экспорттық саясатын ілгерілету тетіктерінің аясын кеңейту және тереңдетуге шоғырлануы тиіс», - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2019-2021 жылдары экспорттаушыларды қолдау шараларын күшейту үшін 500 млрд теңге жұмсалатындығын айтқан еді.

Аталған соманың 470 млрд теңгесі қаржылық, ал 30 млрд теңгесі қаржылық емес шараларды құрайды.  Қаржылық және сервистік шараларды күшейту әкімшілік және сауда кедергілерін еңсеруге мүмкіндік береді. Бизнеске әлеуетті сатып алушыны таңдауға, көлік шығындарын төмендетуге жол ашады.

 

 

 

Жоғары қарай