Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен уақытша шеттетілді

2018 жылдың 22 қазан 2018 19:56 186

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, жуырда Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қаражат жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім еткен еді.

Ерік Мылтықбайұлы бұл қызметке 2016 жылы 29 наурызда тағайындалған болатын

 

 

 

Басты сөздер: Тағайындау, Өзбекстан,
Жоғары қарай