Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшісі тағайындалды

2019 жылдың 12 шілде 2019 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Қанат Қобыландыұлы ТУМЫШ - Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі

Қанат Қобыландыұлы кадрлық дипломат, көпжақты дипломатия, халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және контртерроризм салаларындағы тәжірибелі маман.

1975 жылы 7 қарашада Ақтөбеде туған. Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1997 жылы Қазақстан СІМ Мемлекеттік Протокол басқармасының референт қызметінен бастады.

1998 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан СІМ орталық аппаратында, сондай-ақ еліміздің Ыстанбұлдағы Бас консулдығында, Анкара мен Будапешттегі елшіліктерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005 жылдан бастап халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері Департаментінің бірінші хатшысынан Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасарына дейінгі мансаптық өсу кезеңдерінен өтті.

2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің II саммитінде бұл халықаралық ұйымның Атқарушы Директорының орынбасары болып тағайындалды, онда 2014 жылғы маусымға дейін қызмет атқарды.

2014-2015 жылдары Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды.

2015 жылғы ақпанда Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі болып тағайындалды.

Преторияға тағайындалғанға дейін 2016 жылғы тамыздан бастап Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Жоғары қарай