Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қазақстанның қай салаларында жемқорлық қылмысы көп кездеседі

2020 жылдың 27 ақпан 2020 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев елімізде қай салада жемқорлық өршіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 88%-ы электронды түрде көрсетіледі. Бір қарағанда, бұл жақсы көрсеткіш, бірақ тек қағаз жүзінде көрсетілетін 12%-да ең жоғары жасырын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, құрылыс, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау салаларындағы мемлекеттік қызметтер әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлықтың сарқылмас көзі болып отыр», - дейді Алик Шпекбаев.

Ол әкімдіктер ведомстволық бағынысты табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді автоматтандыру мәселесін шешуі қажет екендігін айтты.

«Бұл күнделікті өмірде әр адам, соның ішінде кәсіпкерлер де тап болатын жарық, су, жылу, газ мәселелері.Тек бизнес-үрдістерді толық цифрландыру ғана барлық сыбайлас жемқорлық жолдарын жабуға мүмкіндік береді», - дейді ол.


Жоғары қарай