Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Қазақстанның карантин кезіндегі тауар қауіпсіздігі web-платформасы іске қосылды

2020 жылдың 4 сәуір 2020 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның карантин кезіндегі тауар қауіпсіздігі web-платформасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сауда және интеграция министрлігі BTS компаниясымен бірлесіп «карантин кезіндегі тауар қауіпсіздігі» web-платформасын (www.dosmart.kz) әзірледі. Платформа онлайн режимде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеуге және әрбір өңірдегі қоймалардағы осы тауарлардың қалдық саны туралы мәліметтерді көруге мүмкіндік береді. Бұл азық-түліктің уақытылы аймақаралық ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды«, - деп атап өтеді министрліктен.

Платформаға деректерді жергілікті атқарушы органдар да, өндірушілер де, көтерме сатушылар мен ритейлерлер де енгізе алады. Сонымен қатар, дүкендердегі бағалар туралы ақпаратты қарапайым сатып алушылардың да беруіне мүмкіндік жасалған. Ал осы уақытқа дейін тұтынушылардан ішкі нарықтағы бағалар туралы ақпарат жедел желіге келіп түскен қоңыраулар мен Telegram-канал хабарламалары негізінде талданып келген еді.

«Осылайша, мемлекеттік органдар онлайн бақылауды ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалар мен қорларды Автоматты талдаумен қамтамасыз етілетін болады. Біз барлық азаматтарды мониторингтің негізін құру үшін www.dosmart.kz жаңа «карантин кезіндегі тауар қауіпсіздігі» веб-платформасын пайдалануға шақырамыз», -делінген ведомство таратқан ақпаратта.


Жоғары қарай