Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 17 қараша 2019 19:16

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Синоптиктер 18 қараша күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады деп болжап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме хасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жаияланды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында 18 қараша күні тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Петропавлда 18 қарашада көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.

Ақмола облысының бірқатар аумақтарында 18 қарашада тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 85-90%.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай