Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 375.95
EUR 425.80
RUB 5.74
CNY 55.94

Қазақстанның екі облысында жол жабылды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 13:48 600

АСТАНА. ҚазАқпарат -Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі "Қазавтожол" компаниясына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, боран соғып жолды көру нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен автомобиль жолының бірқатар бөлігінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіліп отыр.  Атап айтқанда, Алматы облысының шекарасы мен Аягөз қаласы аралығындағы 615-768 шақырым, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы 558-615 шақырым жабық.  Сонымен қатар Үшарал-Достық автожолының Көктума ауылынан Достық стансасына дейінгі аралықтағы 83-184 шақырымда көліктердің жүруіне шектеу қойылған.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Ауа райы, Аймақ,
Жоғары қарай