Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» маркасы айналымға шықты

2018 жылдың 26 қараша 2018 17:52 622

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясындағы «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» пошталық марка айналымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және «Қазпошта» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков қатысты.

2017 жылдың қаңтарында Қазақстан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып Орталық Азия мемлекеттері арасынан алғашқы ел ретінде сайланған болатын. Мұндай жоғары лауазымға дауыс беру кезінде Қазақстан үшін БҰҰ-ның 138 мүшесі дауыс берді. Бұл факт еліміздің жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін мойындауын, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы жоғары беделін көрсетеді.

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі 27 жылдық Тәуелсіздігіміздің кезеңінде еліміздің маңызды сыртқы саяси жетістіктерінің бірі болып табылады.

«Бүгінгі салтанатты рәсім Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізілгені символикалық мәнге ие. Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор», -деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, пошталық марка төрт бояудан тұратын офсеттік баспа ретінде шығарылып, парағы 10 маркадан тұрады. Таралымы - 20 000 дана. Бағасы 250 теңгені құрайды.

 

 

Жоғары қарай