Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанның бітімгерлік миссиясын Үндістанның әскерилері үйретуде

2019 жылдың 4 сәуір 2019 23:15 802

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің мобильді-жаттықтыру тобы екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Ливанға аттанатын екінші қазақстандық бітімгерлік ротасының жеке құрамына сабақ өткізуде, депе хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Сабақтар бағдарламасы бітімгерлік миссиялардың негізгі түрлері бойынша ауқымды теориялық блокты, сондай-ақ әскери-азаматық қатынастың құқықтық аспектілері мен қақтығыс аймағында бейбіт халықтың қорғалуын қамтиды.

Қазақстандық бітімгерлер оқу барысында БҰҰ-ның миссияларында қажет құжаттарды, күштерді қолдану қағидалары мен директиваларды, операциялардың тұжырымдамасын, жауынгерлік бұйрықтар мен т.б. үйренеді.

Теориялық блокты мұқият зерделеп, әскери қызметшілер практикалық сабақтарда гуманитарлық жүкке ілесіп жүру, әртүрлі шиеленістерді шешу жөніндегі тапсырмаларды пысықтайды, жедел базаны ұйымдастыру мен күзету, блок бекеттерді  өрістету мен БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы шеңберіндегі өзге де тапсырмаларды білетіндерін қайталайды.

Қазақстандық бітімгерлер үшін тренингтің шарықтау шегі оқу-жаттығу полигондарының бірінде өтетін «Көгілдір дулығалар» оқу-жаттығуы болады.  


null 

Айта кетерлігі, қазақстандық бітімгерлік полкінің алғашқы құрама ротасының әскери қызметшілері 2018 жылғы қазаннан бастап Ливан Республикасында бітімгершілік миссияны ойдағыдай орындап жатыр. 120 әскери қызметші БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін қызмет» медальдарымен марапатталды. Қазақстандық бітімгерлердің ротациясы 2019 жылғы мамырда өтеді.

 

 

Жоғары қарай