Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн бұзылады

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Ақтөбе қаласында кей уақытта көктайғақ болып, тұман түседі.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Ертең Орал қаласында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Тұман түседі. Қостанайда - көктайғақ.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай