Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді

2019 жылдың 23 мамыр 2019 00:22 699

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын, тек республиканың батысында және оңтүстіғінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі,  бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысынын кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде және таңертен Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Павлодар облысында найзағай күтіледі.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік сақталады. Қызылорда, Түркстан, Алматы, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай