Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Қазақстанның бастамасымен Бүкіләлемдік шахмат күні белгіленді

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 09:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы 20 шілдені Бүкіләлемдік шахмат күні деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешімге Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан секілді бірқатар елдердің бастамасы түрткі болды.

Шахмат - ең ежелгі интеллектуалды және мәдени ойындардың бірі саналады. Онда спорт, ғылыми ой және мәдениет элементтері ұштасқан. Осыны ескерген БҰҰ Бас ассамблеясының мүшелері бүкіл әлем елдеріне Әлемдік шахмат күнін «тиісті деңгейде» атап өтуді ұсынды.

БҰҰ Бас ассамблеясы жаңа резолюциясының авторлары бүкіл әлем шахмат ойнайтынын ерекше атап өтті. Ол әділдікті, интеграция мен өзара сыйластықты көкке көтереді, халықтар мен мемлекеттер арасындағы төзімділік пен өзара түсіністік атмосферасының қалыптасуына ықпал етеді.

Жоғары қарай