Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Қазақстанның барлық аймақтарында радиологиялық мониторингі жүргізілді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Ұлттық сараптама орталығы» республиканың барлық аймақтарында қоршаған ортадағы гамма-фонның жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2019 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша, қоршаған ортадағы радиациялық фон тұрақты. Табиғи гамма фонның артуы, сондай-ақ атмосфералық ауа мен жауын-шашын сынамаларында радиоактивті ластану тіркелмеген. Гамма-сәулелену дозасының қуат деңгейі сағатына 0,05-0,19 микрозиверт (мкЗв/сағ) шегінде. Иондаушы сәулелену нормасы - 0,30 мкЗв/сағ.

Атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті ластануына мониторинг жиынтық бета-белсенділікті анықтауға ауа сынамаларын іріктеу, тұнбаларды және сүзгілерге шөгетін шаңды жинау, сондай-ақ гамма-сәулесінің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу арқылы жүргізіледі.

Аталмыш мониторинг Ұлттық сараптама орталығының маңызы бар қалалар ында, 14 облыстық, 25 қалалық, 157 аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

Жоғары қарай