Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Қазақстанның әскери-теңіз күштеріне - 26 жыл

2019 жылдың 2 сәуір 2019 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін - Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы Қарулы Күштерінің тарихындағы айтулы күн. Осыдан 26 жыл бұрын, дәл осы күні Әскери-теңіз күштері құрылған болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тура 26 жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде Қарулы Күштердің жекелеген түрі - Әскери-теңіз күштері құрылды. Каспий өңірі Қазақстанның экономикасы үшін маңызды мәнге ие. Оның қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында елімізде қазіргі заманғы Әскери-теңіз күштерін құру қажеттілігі туындады. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мемлекеттік шекараның, аумақтық тұтастықтың, тәуелсіздіктің, экономикалық мүдделердің қол сұғылмауын қорғау - ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің басты міндеті.

Мемлекет тәуелсіздігі жылдарында Әскери-теңіз күштері қажетті тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде өзінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруді жалғастыруда. Бүгінде Әскери-теңіз күштері Каспий маңындағы елдер арасында күштерді орналастыруда айрықша орынға ие екенін және Каспий өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын сеніммен айтуға болады.

Жоғары қарай