Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанның 8 айдағы жалпы ішкі өнім өсімі 4,3 пайызды құрады

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 8 айдағы жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,3 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылғы тамызда ел экономикасы орнықты серпінді сақтады. 8 айда жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,3 пайызға дейін жеделдеді. Бұл барлық халықаралық рейтингтік агенттіктер еліміздің кредиттік рейтингін инвестициялық тартымдылық деңгейінде растады. Бұл ретте Moody's болжамды тұрақтыдан позитивтіге жақсартты. Өсудің басты факторлары инвестициялық бәсеңділік және нақты сектордағы өндірістің ұлғаюы болып отыр», - деді министр.

Оның дерегінше, инвестициялардың өсімі 10,7 пайызды құрады. Ең жоғары инвестициялық өсім ауыл шаруашылығында, құрылыста, саудада және өнеркәсіпте байқалды.

«Жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде сақталып, 5,5 пайызды құрады», - деді ол.


Жоғары қарай