Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2018 жылдың 23 мамыр 2018 08:17 27

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 мамыр, сәрсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 7 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақсай, сондай-ақ түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қалыптасуы мүмкін. 

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай