Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16 сәуірде Қарағанды облысында жауын жауып, арты қарға айналуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел бірте-бірте солтүстік-батысқа ойысады, жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, нөсерлетіп, көктайғақ болып, бұршақ жаууы да ықтимал.

14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 15-16 сәуірде Қарағанды облысында ауа температурасы төмендеп, түнде 0-5 болса, кей жерлерде 8 градус аязға дейін барады. Күндіз 2-7 градусқа дейін жылы»,-делінген хабарламада.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай