Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Қазақстанның 3 облысында ескерту жарияланды

2018 жылдың 18 тамыз 2018 18:33 568

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы мен Ақмола облысында 18-21 тамыз күндері нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күшті дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

«19-21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күшті дауылдың соңы бұршаққа ұласуы мүмкін деп болжануда. Солтүстік-шығыстан, солтүстік бағыттан екпіні 15-20 м/с жел соғады, 20-21 тамызда желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Астана қаласында 21 тамызда нөсер жаңбыр жауып, солтүстіктен бағыттан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ал 19-21 тамыз күндері кей уақытта найзағай, күшті дауыл, бұршақ болуы ықтимал», деп көрсетілген ескерту хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер 18-19 тамызда Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, дауыл, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжайды.

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай