Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 10 тамыз 2019 06:34 97

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі, 10 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 2 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.

Синоптиктердің деректері бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан мен Теміртауда қалыптасып, ауа ластанады деген болжам бар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қоғам, Экология,
Жоғары қарай