Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қазақстанның 11 облысында су деңгейінің көтерілу қаупі бар

2018 жылдың 18 наурыз 2018 13:40 32

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның біршама облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жауын  жауып, күннің жылынуына байланысты еріген қар суы жиналып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-20 наурыз күндері Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында да жауын жауып, күннің жылынуына байланысты еріген қар суы жиналып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-21 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі ауа температурасы бірте-бірте көтеріліп, жауын жаууы мұздардың еруіне, өзен арналарын сең бууына себеп болуы мүмкін; еріген қар суы жиналып, өзен суы шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-21 наурызда Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жылы ауа температурасының сақталуы және жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі көтеріліп, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

19-20 наурызда Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілу қаупі бар.

 

 

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай