Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Қазақстаннан Испанияға жылына қанша турист барады

2019 жылдың 15 мамыр 2019 17:44 366

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан туристері үшін футбол державасы - Испания қаншалықты тартымды? Бұл туралы СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтар үшін Испания - өте қызықты ел. Жыл сайын ол елге шамамен 80 млн турист барады. Ойлап қараңыз, бұл дегеніңіз бір жылда Испанияның өз халқынан екі есе көп турист келеді деген сөз. Адамдар ол жерге демалуға келіп, қанша ақша тастап кететінін есептей беріңіз. Бұл -  мемлекет үшін де үлкен қаражат. Біршама қазақстандықтың да шетелде, Испанияда мүлкінің бары құпия емес. Қазақстандықтар әсіресе теңізге, Испанияның теңізге шығатын бөлігіне ерекше қызығады», - дейді дипломат.

Оның айтуынша, жылына нақты қанша қазақстандықтың Испанияға баратыны жайлы айқын статистикалық мәлімет жоқ.

«Десе де, біздің болжауымызша, ол сан 100 мың адамнан артық. Шамамен 300-400 мың адам деп айтар едім. Олар жыл бойы Испанияға барады. Испаниядағы теңіз жағасындағы демалыс қана емес, мәдени орындар да ерекше қызықтыратынын атап өткім келеді. Испания UNESCO-мен қорғалған нысандар бойынша әлемнің ірі үш еліне жататынын айта кеткім келеді», - дейді Константин Жигалов.

 

 

 

Жоғары қарай