Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 364.95
EUR 416.99
RUB 5.55
CNY 52.58

Қазақстанға жатыр мойны ісігіне қарсы жаңа екпе әкелінді

2017 жылдың 5 қазан 2017 18:25 1276

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға жатыр мойны ісігіне қарсы жаңа екпе әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматыда өткен Халықаралық онкологтар және онкогинекологтар конгресінде ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда шамамен 12 мыңға жуық әйел жатыр мойны ісігі диагнозымен есепте тұр.

«Әйелдер арасындағы қатерлі ісік дерті ерлермен салыстырғанда артып келеді. Жылына 4 000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне, 1 600 әйел жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдығады. Науқастанған әйелдердің 25 пайызы бала туу жасындағылар. Бұл өте қайғылы жағдай. Сондықтан, бұл көрсеткішті азайту мақсатында Қазақстанға 9 валентты екпе енгізіле бастады. Бұл екпені кез-келген ата-ана 9-12 жастағы қызына салдыра алады. Екпе құны 100 АҚШ долларына тең», - деді ҚР ДСМ бас онкологі Диляра Қайдарова.

Маңызды шараға АҚШ ұлттық қатерлі ісік институтының, EURAMA онкологтардың кәсіби қоғамдастығының өкілдері келді. Конгресс барысында Қазақстандағы сүт безі мен жатыр мойны қатерлі ісігін диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері талқыланды.

Айта кету керек кеше конгрес аясында дүниежүзіне белгілі мамандар бірнеше әйелге ота жасады. Ертең де Қазақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институты базасында 4 әйелдің сүт безіне ота жасалады.

Шеберлік сабағына қазақстандық онкохирургтер қатысады.

  

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай