Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстанға туристерді тарту үшін экспедиция ұйымдастырылады

2019 жылдың 19 сәуір 2019 19:26 891

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Almaty Travel Fest 2019 саяхатшылар фестивалі өтті. Жиын барысында «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев шетелдік туристерді тартуға мүмкіндік беретін экспедиция ұйымдастыруға ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр біз Алматы, ШҚО, Түркістан облыстарында саяхаттадық. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының суреттеуге тіл жетпейтін тұмса сұлулығын тамашаладық. Жоңғар Алатауы - Клондайк сияқты адам аяғы баспаған жерлер бар. Сарыарқада да -  киелі жер көп. Біздің басты мақсатымыз осы маршруттарды насихаттау. Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам Өгем ұлттық паркінде тау туризмін дамытуға болады», -  деді Тимур Дүйсенғалиев.


null 

Оның айтуынша, биылдың өзінде туристік сала өкілдерін 4 экспедиция күтіп тұр. Бірінші халықаралық «Шығыс транзиті» белгілі географ Семенов Тянь-Шанскийдің ізімен өтпек.

Екінші экспедиция Қытай монахы Сюаньцзань жолымен болады.

 «Жібек жолы - сұхбат жолы» экспедициясы Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Үндістан арқылы өтеді. Сюаньцзань  7-ғасырда Қытайдан Үндістанға саяхатқа шыққан. Бұл тарихи жол әлемнің саяхатшылары арасында өте танымал», - деді ол.

Одан бөлек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына атты экспедиция шығады.


null 

 «Атты экспедиция Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданынан шықса, екіншісі Алматы облысынан шығады. Шетелдіктердің көпшілігі Қазақстанды көшпелі мәдениет өкілі деп білмейді. Олар көшпелі десе Моңғолия мен Қырғызстанды еске алады. Қазақстан - ұлы дала елі. Ең бірінші рет адамзат жылқыны Қазақстанда қолға үйреткен. Бірінші дөңгелектер де осында пайда болды. Осының барлығын біз әлемге көрсетуіміз керек», - деді ол.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Туризм,
Жоғары қарай