Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 360.12
EUR 409.67
RUB 5.33
CNY 52.34

Қазақстанға сырттан бензин импорттаудың қажеті жоқ - Қанат Бозымбаев

2018 жылдың 11 маусым 2018 19:12 950

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бензин импортының қажеттігі байқалмайды. Бұл туралы бүгін Астанада Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең еліміздегі АИ-92 бензинінің қоры 340 мың тоннаны құрады. Бір аптаның ішінде оның көлемі 15 мың тоннадан астам мөлшерге артты. Бұған екі зауыттың жаңғыртылуы ықпал етті, яғни олардың қуаттылығы да жоғарылады. Осы орайда еуро-4, еуро-5 деңгейіне ауыстық. Мұнай көлемін біз болжаған болатынбыз, сондықтан Ресей немесе басқа да бағыттардан бензин импортының елеулі көлемде болмайтынын байқап отырмыз», - деді министр баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Орталық Азияға экспортты ашу көзделуде. Осы орайда ресейлік әріптестермен бұл экспортты ашу бойынша мәселелер пысықталуда. Жаздың аяғына қарай тиісті келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

 

 

Жоғары қарай