Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қазақстандықтарға бүгіннен бастап салық төлемдері туралы хабарлама жіберіледі

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгіннен бастап қазақстандық салық төлеушілер мүлік, жер және көлік құралдары бойынша алдағы салық төлемдері туралы SMS-хабарлама алады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Таяу уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары ұялы телефондарына (смартфондар, телефондар) төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады. Бұл ескертулерді алу үшін азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы мобильді базасында нөмірін тіркеу қажет. egov.kz электронды үкімет порталының «Қызметтер» бөліміндегі мобильді азаматтар деректер базасында тіркеуде бар жоғыңызды тексере аласыз», - делінген министрлік хабарламасында.


Жоғары қарай