Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қазақстандықтар өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін тексере алады

2019 жылдың 18 қазан 2019 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұдан былай қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін мына сілтемеге кіріп, өз ЖСН-іңізді жазсаңыз жеткілікті. Жүйе тіркелген нөмірлердің санын және қандай ұялы оператор екенін де көрсетіп береді.

Егер абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгенін анықтаған жағдайда Телекоммуникациялар комитеті белгісіз нөмірді жаптыруды ұсынады.

«Бізге азаматтар өз атына белгісіз телефон нөмірінің тіркелгенін айтып жиі шағымданады. Сондықтан біз қазақстандықтарға өз атына тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз, себебі сіз сол нөмірді пайдалану үшін жеке жауапкершілік аласыз» , - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко .

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта барлық мобильді телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-не байланған. Өткен жылдың ішінде өз ЖСН-ын SMS арқылы тіркемеген абоненттердің телефондары автоматты түрде тіркеліп, пайдаланылатын SIM-карталарға байланған.

Жоғары қарай