Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Қазақстандықтар мемқызметшінің бейәдеп істеріне онлайн шағым жасай алады

2019 жылдың 23 шілде 2019 00:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этиканы бұзу фактілері туралы онлайн хабарлауға болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қоғаммен байланыс департамент басшысының орынбасары Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттіктің жаңа сайтында (qyzmet.gov.kz) мемлекеттік қызметтегі бос орындар туралы білуге болады. Жаңа сайтты 2 апта бойы тестілеуден өткіздік. Мемлекеттік және құқық қорғау қызмет етуге ынтасы бар азаматтар үшін «Мемлекеттік қызметке түскім келеді» арнайы бөлімі іске қосылды. Және ол жердегі ақпарат күнделікті жаңартылып тұрады. Сонымен қатар, ол бөлімде республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған байқаулар туралы хабарландырулар жарияланады», - деді Жанна Бастарова.

Сондай-ақ, агенттік өкілі ендігі уақытта мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқына онлайн түрде шағымдану мүмкіндігі пайда болғанын айтып өтті.

«Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этиканы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін «Әдепсіз мінез-құлық туралы хабарлау» бөлімі жұмыс жасайды. Ол жерде бейәдеп қылық көрсеткен мемлекеттік қызметшінің аты-жөні мен қызметін қалдырады. Және уақытын көрсету қажет. Одан әрі ол шағым Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау депртаментіне жөнелтіледі. Ондағы мамандар мәселенің мән жайын анықтап тексереді. Одан бөлек, аталған бөлімде департамент басшыларының жұмыс телефондары көрсетілген. Яғни, басшылыққа тікелей хабарласып айтуға да болады», - деді ол.

Жоғары қарай