Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстандықтар қай елдерге жиі ақша аударады

2019 жылдың 10 қазан 2019 17:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы транзакциялардың көлемі Қазақстаннан шетелге және шетелден елімізге келетін қаражат көлемінің бір жыл ішінде айтарлықтай өскенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

«2019 жылдың қаңтар-тамызында шетелге жіберілген ақша аударымының көлемі 7,4 пайызға артып, 408,3 млрд теңгеге жетті. Ал шетелден 232,5 млрд теңге алынып, жыл ішіндегі өсім 5,4 пайыз болды. Қазақстаннан жіберілген және шетелден алынған көлем бойынша ТОП-5 елдің қатарына Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан кіріп отыр», - делінген таратылған ақпаратта.

Шетелге жіберілген ақшаның 134,5 млрд теңгесі Ресейге жөнелтіліп, ол жақтан 81,1 млрд теңге алынған. Екінші орында тұрған Өзбекстанға 88,5 млрд теңге жіберіліп, ол жақтан қазақстандықтар 17,3 млрд теңге алған. Ал Қырғызстанға Қазақстаннан 52 млрд теңге жөнелтіліп, ол жақтан қазақстандықтардың қолына 15,7 млрд теңге түскен.

Қазақстандықтар Түркияға 55,1 млрд теңге, Қытайға 22,1 млрд теңге жіберген. Ал Оңтүстік Кореядан Қазақстанға 38,3 млрд теңге, АҚШ-тан 10,5 млрд теңге жөнелтілген.

Жоғары қарай