Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желіде жаңа флешмоб бастады

2019 жылдың 1 тамыз 2019 21:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық шоу-бизнес өкілдері мен танымал спортшылар Армия халықаралық ойындарына атсалысқан қазақстандық әскерилерді қолдау мақсатында әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық әскерилерге танымал әншілер Нұрлан Абдуллин, Ерлан Көкеев, Қайрат Баекенов, Жұлдыз Уәлихан, шоумен Нұрдәулет Шертім, актер Аян Өтепберген, шығармашылық дуэт Құралай мен Мирас, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова және Бақтияр Артаев бейнеүндеу жолдады.

«Қайырлы күн! Биыл Армия халықаралық әскери ойындарына 34 мемлекет қатысып жатыр екен. Қазақтың айбынды жігіттері – Қарулы Күштерінің жігіттеріне сәттілік тілегім келеді. Көк байрағымызды желбірете беріңіздер!», - деді өзінің Instagram парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы.

Армия халықаралық ойындары 3 тамызда басталады. Қазақстан армиясы 8 мемлекеттің аумағындағы 16 байқауға қатысады. Командалар қазір алдағы жарысқа дайындалуда.

Ойындар тарихында еліміз қатысушы елдердің көшбасшылар үштігіне еніп үлгерді. Биыл АрМИ-2019 ауқымды іс-шарасына 30-дан аса елден 6 мыңнан аса әскери қызметші қатысады.


Жоғары қарай