Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының «күмісін» еншіледі

2019 жылдың 22 сәуір 2019 09:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттен мәлім еткендей, Михинаға жүлде 400 метр дистанцияда бұйырды. Ол аталған қашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен.

Бірінші орында - бахрейндік Сальва Насер (51.34), үшінші сатыда - үндістандық Пувама Раджу Мачеттир (53.21).

Айта кетелік, Михаил Литвин ерлер арасындағы финалдық бәсекеге жолдама алды. Жартылай финалда ол 400 метрді 45.38 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай