Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қазақстандық велошабандоз «Прованс турының» кезеңінде мәреге бірінші болып келді

2020 жылдың 15 ақпан 2020 02:02

ФРАНЦИЯ. ҚазАқпарат – Велошабандоз Александр Власов «Астана» велокомандасына биылғы маусымдағы алғашқы жеңісті әперді. Ол Францияның оңтүстігінде өтіп жатқан көпкүндік «Прованс турының» екінші кезеңінде үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Власов 175 шақырым қашықтыққа созылған финалдық кезеңде барлық қарсыласын шаң қаптырып, бірінші келді.

Александар келген соң арада 24 секунд өткенде мәре сызығын кескен нидерландтық Вилко Келдерман екінші орын алса, ізін ала жеткен қазақстандық Алексей Луценко үшінші орынды қанағат тұтты.

«Астана» командасынан қатысқан тағы бір үміткер Алекс Аранбуру осы кезеңде 11-орын алды.

«Жеңгенім үшін өте қуаныштымын. Бұл менің «Астана» құрамындағы алғашқы маусымым. Сондықтан бүгінгі жеңіс – мен үшін өте ерекше. Биікке көтеріліп келе жатқанда Алексей Луценконы қорғап, бәріміз бірге жүріп отырдық. Сосын екі шабандоз бізді шабуылдаған кезде мен оларға жауап қайтару үшін бар жылдамдықпен алға озып кеттім. Арамызда бос кеңістік барын байқаған соң бар күшімді салып, әрі қарай тоқтамай жүре берейін деп шештім. Командама көп рахмет, мен бақыттымын», - дейді Александр қуанышын бөлісіп.


Фото: Getty Images


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Спорт, Еуропа,
Жоғары қарай