Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы болды

2019 жылдың 28 сәуір 2019 18:12 709

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Евгений Гидич велоспорттан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық жарыста жеңімпаз атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Olympic.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Е.Гидич 166,6 шақырым қашықтықты 4 сағат 3 минут 21 секундта жүріп өтті. Екінші болып  мәреге қытай велошабандозы Лю Сянцзинь келді. Үшінші орында - алған қытайлық Тайпей спортшысы Фенг Чунг Кай.

Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев және Даниил Фоминых сынды спортшылар жарыс бойы бірлесіп жұмыс атқарып, мәреге төртінші, бесінші және алтыншы болып жетті. 

Командаға Азия чемпионатында қолдау білдіру үшін Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров арнайы барды. 

Айта кетейік, биылғы құрлық додасы Қазақстан командасы үшін сәтті өтті.  Бұған дейін жекелей жарыста Даниил Фоминых чемпион атанған. Ал чемпионаттың алғашқы күнінде ерлер құрамы командалық жарыста топ жарса, әйелдер екінші орыннан көрінген болатын.

 

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай