Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстандық теннисші Ыстанбұлда негізгі турнирге жолдама алды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Ыстанбұлда WTA-ның негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 161-орында тұрған, іріктеу турнирінде 10-ракетка болып тіркелген 19 жасар Е.Рыбакина сәтті өнер көрсете білді.

Ол алдымен іріктеу сайыстарының жартылай финалында рейтингте 242-орындағы бұрынғы отандасы, ресейлік Валентина Ивахненконың меселін қайырды. Екінші партияда (бірінші сет - 6:1) есеп 1:0 болғанда, В.Ивахненко жарысты жалғастырудан бас тартты.

Бүгін іріктеу турнирінің бесінші, әлемнің 142-ракеткасы, венгриялық, 25 жасарТимея Бабошпен кездесті.

Бірінші партияда есеп 5:4 болғанда, Е.Рыбакина брейк жасай алды - 6:4.

Екінші сетте есеп 3:0 болғанда, Т.Бабош та бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Е.Рыбакина жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған негізгі турнирге жолдама алды. Оның қарсыласы кейін анықталады.

Ыстанбұл турнирі 28 сәуірде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан әйелдер құрамасының Лондонда ұлыбританиялықтардан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Ерлер арасында Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Будапешт турнирінің екінші айналымына өте алмады.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай