Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстандық таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында «күміс» алды

2019 жылдың 10 тамыз 2019 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші медалін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

44 келі салмақта сынға түскен Айша Әділбекқызы финалға дейін барлық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеде ирандық спортшыға жол берді. Осылайша, Айша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. 45 келіде бақ сынаған Сұлтан Байтұрсынов үздік бестік қатарына енді.

Еске сала кетейік, бірінші жарыс күнінді Айдана Сүндетбай қола жүлде жеңіп алған болатын.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай