Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

Қазақстандық режиссердің фильмі Мадридтегі кинофестивальге қатысады

2018 жылдың 23 шілде 2018 22:52 266

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эл Фриман» көркем фильмі Мадрид қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған  кинотуынды Испания астанасында 21-28 шілде араалығында өтетін байқаудың «Үздік оператор» және «Үздік режиссер-дебютант» номинацияларында бақ сынайды.

Режиссер-дебютант Елжас Рақымбеков (шығармашылық лақап аты Михар Сажле) пен Антонио Чавес түсірген  картина Лос-Анджелесте АҚШ үкіметтен жасырынып жүрген иммигранттың өмірі туралы баяндайды.

«Үздік режиссер-дебютант» жүлдесіне үміткерлер қатарына енгенімізге қуаныштымын. Әрине,  жүлделі орыннан көрінетінімізге сенімдімін. Фильмнің операторы Эрик Кьонаш «Үздік оператор» жүлдесіне лайық деп ойлаймын», - деді фильмнің со-режиссері Елжас Рақымбеков.

Айта кетерлігі, Мадрид қаласында жыл сайын өткізілетін халықаралық кинофестивальде түрлі елден келген киноиндустрияның өкілдері, атап айтсақ, жас киногерлер мен кәсіби режиссерлер, дистрибьюторлар мен басқа да мамандар бас қосады.  Кинематографияның барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласының дамуына ықпал жасайтын трендтерге аса көңіл бөлінеді.

Елжас Рақымбеков - актер, сценарист, режиссер. Халықаралық «Еуразия-2015» кинофестивалі «Work-in-progress» номинациясының жеңімпазы («Эль Фриман» көркем фильмі, Алматы, Қазақстан).

Ал, Антонио Чавес Мексиканың «MVS Exa ТВ» телеарнасы үшін ойын-сауық бағдарламаларды жарыққа шығаратын  ірі компанияларының бірінде режиссер және продюсер болып қызмет атқарды. Сондай-ақ маркетинг және жарнама салаларында жұмыс істеген.

 

 

Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай