Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қазақстандық оқушылар Татарстанда өткен спорт жарысынан жеңiспен оралды

2019 жылдың 14 қазан 2019 08:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Татарстанда ɵткен спорт жарысынан қазақстандық мектеп оқушылары жеңiспен оралды, деп жазады Elorda.info.

Жүлдегерлерді астаналықтар теміржол вокзалында қошеметпен қарсы алды.

Кɵршiлес мемлекетте ɵткен бəсекеге ТМД елдерiнiң спортшылары қатысқан. Соның iшiнде қазақстандық оқушылар 5 спорт түрiнен бақ сынап, медаль қорытындысы бойынша 2-орынға ие болды. Ал 1-орын Татарстан құрамасына бұйырған.

Қазақстан құрамасы сапында Нұр-Сұлтаннан бɵлек Ɵскемен, Орал қалаларының оқушылары да болған.

«Бұл жарыс мəнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың үш дүркiн жеңiмпазы Ирина Роднинаның бастамасымен ɵткiзiлiп отыр. Ерекшелiгi сол - спорт мектептерi оқушыларының қатысуына тыйым салынған. Яғни, қарапайым мектеп оқушыларына арналған. Сол себептi iрiктеу оңай болмады. Қорытындысында бiз Ɵскемен мен Оралдан бɵлек астанамыздағы №1 жəне №49 мектептiң оқушыларын алып бардық. Жастар үмiтiмiздi ақтады. Ал командалық есепте бiздiң жастар 3 алтын жеңiп алды. Негiзi су добы спортынан, волейболдан, баскетболдан да алтынды қанжығалайтын мүмкiндiгiмiз болған. Бiрақ бабымыз келгенмен, бағымыз жанбады. Ендiгi жарыс Мəскеу түбегiнде ɵтедi. Сол жерде бар қырымыздан кɵрiнемiз деген сенiмдемiн. Ал бұл бағдарламада бар спорт түрiн бiз мектеп лигасына кiргiздiк», – дедi Ұлттық ғылыми практикалық дене тəрбие орталығының спорт iс-шараларын ɵткiзу зертханасының бɵлiм басшысы Сағадат Садықов.

Оның айтуынша, оқушылар елiмiздiң əр ɵңiрiнен жиналса да ұйымшылдығымен ерекше кɵзге түскен.

«Су полосы спортынан халықаралық деңгейдегi бəсекеге осымен екiншi рет қатысып отырмын. Жарыс ɵте керемет ɵттi. Жеңiмпаз болар ма едiк, бiрақ жолымыз болмай, 2-орын алып қайттық. Алда жоспарым кɵп. Бiрақ алдымен 16 қазан күнi Кɵкшетауда ɵтетiн ел бiрiншiлiгiне қатысуым керек», – дедi 2005 жылы туған спортшы Альмир Имангулов.

Айта кетейiк, жарыс ұйымдастырушылары жеңiмпаздардан бɵлек ең жас спортшыларды да марапаттады. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектептiң оқушысы Диана Тыныштық та бар.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Спорт, Ресей,
Жоғары қарай