Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың IBF-тегі рейтингі жарияланды

2019 жылдың 13 қараша 2019 18:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингтің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» федерациясы қазақстандық профи-боксшыларға қатысты рейтингтегі өзгерістерді ұсынды: орта салмақта Геннадий Головкин әлем чемпионы мәртебесіне ие болды. Ал Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орынды сақтап қалды. ТОП-15-тегі алғашқы екі орын – бос. Үшінші орында - поляк Камил Шеремет тұр.

WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарының иегері Нұрсұлтан Жаңабаев өз дивизионында он бірден сегізінші орынға көтерілді. Бұл жерде чемпиондық титул АҚШ-тан келген Эррол Спенске тиесілі. Рейтингтің көшбасшысы – өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров. Екінші орын бос тұрса, ресейлік Сергей Рыпинец алғашқы үштікті түйіндеген.⠀

Бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental және IBF Inter-Continental чемпионы Батыр Жүкембаев әлі 11-ші орында. Бұл рейтингте чемпион - британдық Джош Тейлор. Ал үздік үштікке Апинун Хонгсонг (Таиланд), Субриэль Матиас (Пуэрто-Рико) және Лиам Паро (Австралия) жайғасқан.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай