Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстандық каратэшілер Жапония ашық чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды

2019 жылдың 28 сәуір 2019 16:49 1268

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Токио қаласында киокушинкай каратэден өткен Жапония ашық чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы БҚО филиалының директоры Солонго Исханның мәлім еткеніндей, аталмыш додаға әлемнің 23 елінен 850 спортшы қатысып, бақ сынады.

Қазақстан құрамасы сапында 15 каратэші өнер көрсетті. Ел құрамасы қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль түсті.

Атап айтқанда, оралдық Нұргүл Сапарова 16-17 жастағылар арасында 55 кг салмақта топ жарды. Тағы бір батысқазақстандық Гүлзия Өмірзақова (14-15 жас, 55 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, Эльнара Тоғызбаева (+18 жас, 55 кг) күміс жүлдеге ие болды. Екінші жекпе-жегінде жапондық спортшыға жол берген Әділ Байғуатов «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен марапатталды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасынан Айбек Шаукилов (16-17 жас, 65 кг) алтыннан алқа тақса, Алдияр Досымов (16-17 жас, +65 кг) пен Кәмила Кемелбекова (12-13 жас, 50 кг) күмісті олжалады. Тағы бір қазақстандық Нұресіл Қалым (10-11 жас, +35 кг) қола жүлдені еншіледі.

«Енді 4 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында киокушинкай каратэнің барлық федерациялары арасында ересектердің ҚР біріккен чемпионаты өтеді. Онда жеңімпаз атанғандарға KWU (kyokushin world union) версиясы бойынша өтетін әлем чемпионатына жолдама беріледі. Бұл біріншілікке Батыс Қазақстан облысынан Шайнұр Садықов пен Эльнара Тоғызбаева қатысады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Исхан.

null 

 

 

Жоғары қарай