Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Қазақстандық еркін күрес шебері Азия чемпионы атанды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 19:51 816

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағанындай, жарысты бірінші болып еркін күрес шеберлері бастады.

Біріншілік, әсіресе, 70 кг салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов үшін табысты болды. Соңғы бәсекеде жапониялық Коджира Шиганы 9:0 есебімен бет қаратпай ұтып, өз спорттық жолында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ 65 кг салмақта кілемге шыққан Саятбек Оқасов финалда үндістандық Баджранг Баджранштан 7:12 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлдеге ие болды.

Тағы бір қазақ балуаны Ғалымжан Өсербаев 79 кг салмақта қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Юта Абэні 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Оған қоса 97 кг салмақта бақ сынаған Ерғали Әлішер қырғызстандық Магомед Мусаевтың меселін қайырып, қола жүлдегер атанды.

Ертең Азия чемпионатында 61, 74, 86, 92 және 125 кг салмақтағы балуандар жүлделерді сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын екі қазақ балуанының еркін күрестен Азия чемпионатының финалына өткенін жазған болатынбыз.

 



null 

Фото: olympic.kz

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Қытай, Спорт,
Жоғары қарай