Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қазақстандық ерекше дарынды бала Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітірмек

2019 жылдың 18 қараша 2019 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы күндері бүкіл әлем тоғыз жасар Лоран Симонстың (нидерландылық) ерекше дарыны жайлы пікір таластыруда. Электротехника бойынша білім алып жатқан жас дарын жер жүзін аузына қаратып, тез оқу қабілетімен жұртты таң қалдырып жатыр. Біздің елде де мұндай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Ерекше қабілетке ие студент осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша да білім алуда. Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат тұтып отыр. Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол», - деп атап өткен МҒМ.

Жоғары қарай