Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 20:55 736

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ислам Бозбаев дзюдодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, И.Бозбаев 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ислам бастапқы белдесуінде тайпейлік Фонг Чун Ченді уақытынан бұрын жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты вазари ұпайымен ұтты.

Жартылай финалда тәжік балуаны Камроншах Истопирионға есе жіберген соң, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Жұбаныш финалында әлем чемпионатының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Гвак Дон Ханды оңай ұтып, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Азия чемпионатының алғашқы күнінде медальдар саны бойынша көш бастағанын жазған болатынбыз.

 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай