Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қазақстандық дәрігерлер үш адамға жасанды жүрек салып берді

2019 жылдың 18 маусым 2019 16:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бұрын-соңды әлем елдерінде болмаған толықтай жасанды жүрек отасы 3 адамға жасалды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәрімізді мазалайтын келесі өзекті мәселе сапалы жоғары технологиялық медициналық көмек алу болып отыр. Расында, тарихи жағдайға байланысты кейбір технологияларымыз болмағаннан кейін көп пациенттер шетелге барып ем іздейді. Бірақ, бізде бұл мәселе бойынша жоспарлар енгізіліп, жұмыс жасалып жатыр. Осы ретте, ұлттық ғылыми клиникаларға алғыс білдіргім келеді. Өткен үш жылдың ішінде жоғары технологиялық қызметтердің саны, соның ішінде бірегей операциялардың үлесі артып келеді», - деді министр.


null

Мәселен, оның айтуынша, еліміздің Ұлттық кардиохирургиялық орталығында өткен жылы жүрек трансплантациясы бойынша 8 ота жасалған.

«Басқа мемлекеттерде енгізілмеген толықтай жасанды жүректің 3 трансплантациясы жасалды. Бұл - Франция және басқа мемлекеттердегі ғылыми-зерттеу жұмысы. Бірақ, біздің кардиохирургиялық орталығымыз дүниежүзінде тұңғыш рет осындай операцияны жасап жатыр», - деді Е.Біртанов.

Жоғары қарай