Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қазақстандық боксшылар Канадада кімдермен жұдырықтасады

2018 жылдың 25 қыркүйек 2018 09:35 160

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қазанда Канаданың Квебек провинциясында бокс кеші өтеді. Онда жеңіліп көрмеген қазақстандық үш боксшы рингке шығады. Бұл туралы Қазақстан кәсіби боксы ВКонтакте әлеуметтік желісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, отандық спортшылардың барлық қарсыластары мексикалық боксшылар болып табылады, ал жекпе-жектер сегіз раундқа бөлінген.

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі боксшы Нұрсат Сәбиров (7-0, 6КО) Адриан Луна Флореспен (20-5-1, 13КО) кездеседі. Мексикалық боксшының лақап аты - «Тайсон».

Бірінші орта салмақта ойын көрсететін Садриддин Ахмедов (3-0, 3КО) Норберто Гонсалеспен (23-11, 13КО) айқасады. Аталмыш боксшы қазақстандық бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс. Спортшы 2017 жылғы мамырда төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, отандасымыз Қанат Исламнан (25-0, 20КО) жеңіліп қалған еді.

Ал жеңіл салмақтағы Абылайхан Хұсаинов (8-0, 5КО) Хесус Лагунамен (22-12-3, 19КО) жұдырықтасатын болды. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай