Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

2020 жылдың 24 ақпан 2020 09:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 31 жастағы аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (12-0, 11КО) 6 наурызда рингке оралып, Дубайдағы (БАӘ) бокс кеші аясында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы кім екені әзірге жарияланбады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Кособуцкий таяуда промоутерін ауыстырып, Universum Box-Promotion компаниясымен келісім жасаған еді. Бұл компанияның бұрынғы клиенті Геннадий Головкин (40-1-1, 35КО) болған.

Жан Кособуцкий соңғы айқасын 9 қарашада өткізді. Ол Гамбургте (Германия) өткен айқастың бірінші раундында хорватиялық жеңіліп көрмеген боксшы Агрон Смакичиді (15-1, 13КО) нокаутқа түсіріп, аса ауыр салмақтағы бос тұрған IBO Inter-Continental чемпион белбеуін иеленген болатын.


Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай