Ауа райы
Нұр-Сұлтан 1 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядан 6 медаль жеңіп алды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 08:50 767

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербияда әйелдер боксынан «Белград кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған додада қазақстандық қыздар 6 медаль жеңіп алды. Оның  бесеуі күміс, біреуі қола медаль.

ҚР Бокс федерациясы хабарлағандай, аталған халықаралық турнирдің финалына бір емес, бес бірдей боксшымыз шыққан болатын. Өкінішке қарай олардың барлығы «алтын» тұғырдан көріне алмаған.

51 келі салмақта Жайна Шекербекова финалда түркиялық қарсыласына жол берсе, 60 келіде жұдырықтасқан Карина Ибрагимова австралиялық Скай Николсоннан ұтылып қалды. Ал 64 келідегі Әлия Әбдірайымова украиналық Мария Бовадан жеңіліс тапса, 81 келіде ел намысын қоғаған Аида Оңдаш пен аса ауыр салмақтаы Умида Садықовалар да шешуші жекпе-жекте Украина өкілдерінен айласын асыра алмады.

Ал ел қоржынындағы жалғыз қола медальді 60 келіде сынға түскен Айжан Қожабекова иеленді.

Осылайша, Сербияға барған әйелдер боксынан Қазақстан құрамасының екінші нөмірлі спортшылары 5 күміс, 1 қола медальға қол жетізіп қайтты.

 

 

Автор: Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай